Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №54 ө-ж/қ өкімімен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімінің негізінде Қоңырбаев Бахыт Жарқынұлы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Қоңырбаев Бахыт Жарқынұлы 1989 жылы 30 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ.
Білімі — жоғары. 2011 жылы Қонаев атындағы университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2011 жылдың 1 желтоқсанынан 2012 жылдың 1 маусымына дейін Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастармен жұмыс жүргізетін инструктор ретінде бастаған.
2014 жылдан 2021 жылға дейін Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман – қаржы агенті қызметін атқарған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген. 1 бала тәрбиелеуде.
Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №52 ө-ж/қ өкімімен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімінің негізінде Алыбаев Рашид Елшібекұлы Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Алыбаев Рашид Елшібекұлы 1971 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі жоғары.
1994 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін «Математика» мамандығы бойынша, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1994 жылы А.Нусипбаев атындағы №14 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2016 жылдары аралығында «Seven Холдинг» ЖШС-нің менеджері;
2016-2021 жылдары аралығында «Олжас» шаруа қожалығының басшысы;
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қаракемер ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.
Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №56 ө-ж/қ өкімімен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімінің негізінде Құттықов Бақытжан Бауыржанұлы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Құттықов Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі жоғары.
2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012–2014 жылдары Қарасу ауылында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Жамбыл филиалы Қордай ауданы «Қарасу» бекетінде дезинфектор болып бастаған.
2014–2016 жылдары Бетқайнар ауылында «Чайзат» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2016–2017 жылдары қайтадан Қарасу ауылында аталған мекемеде дезинфектор болып жұмыс істеген. 2017–2021 жылдары Бетқайнар ауылында «Чайзат» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болған.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.