ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қазақстан  Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қуатбеков Қайыржан Еркінбекұлы Қордай ауданының прокуроры болып тағайындалды. Қайыржан Еркінбекұлы, прокуратура органдарында 2003 жылдан бастап еңбек етіп келеді, бірқатар басшылық лауазымдарда қызмет жасап, Жамбыл өңірінің екі ауданында прокуратураларды басқарған.

2013-2018 жылдары Меркі ауданы және Тараз қаласы прокурорларының орынбасары болып жұмыс істеген, 2018 жылы Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалған, кейіннен Шу ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Қайыржан Еркінбекұлы – өзін білікті де тәжірибелі қызметкер, басшы ретінде көрсете білді, өзі басқарған аудандардағы заңдылықтың үстемділігін қамтамасыз ету және орындалуын қадағалау саласында үлкен үлесін қосып келді.

Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін бірқатар марапаттауларға ие болған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.