Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №97 ө-ж/қ өкімімен Сейдуалы Ғалымжан Жұмабайұлы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Сейдуалы Ғалымжан Жұмабайұлы 1978 жылы 4 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ.
Білімі — жоғары. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Қордай ауданы әкімінің аудандық қаржы бөлімінде экономист ретінде бастаған. Кейін 2001–2008 жылдар аралығында аталған бөлімде бас маман қызметін атқарды.
2008–2010 жылдары «Банк Каспий» Қордай филиалында шағын және орта бизнесті кредиттеу бөлімінің менеджері болып еңбек етті. 2010 жылы «Орион» ЖШС-інде бас бухгалтер қызметін атқарып, одан кейін 2010–2012 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қордай аудандық филиалында есеп және статистикалық секторының меңгерушісі-бас бухгалтері қызметін атқарды.
2020–2023 жылдары №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектепте директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2023–2024 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде статистик және мұрағатшы қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметтерін атқарған.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.