Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №98 ө-ж/қ өкімімен Алтымбеков Мақсат Бакытбекович Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Алтымбеков Мақсат Бакытбекович 1984 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ.
Білімі — жоғары. 2020 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2018 жылғы 8 сәуірде Қордай ауылындағы «АРБА-АТ» ЖШС-інде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары ретінде бастады. Аталған қызметте 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еңбек етті.
2022 жылғы 1 сәуірден 2025 жылғы 4 ақпанға дейін Қарасай ауылында орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында спорт инспекторы қызметін атқарды.
2025 жылғы 4 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Молдасейт атындағы «№2 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауылындағы бөлімшесі басшысы қызметін атқарған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.