ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ

0

11 шілде күні таулы жерде жауған нөсер жауын әсерінен көлбеу су ағыны пайда болып, соның салдарынан Масаншы ауылындағы Ынтымақ, Ақши көшелерін су басқан. Ақши көшесінде орналасқан № 45,49 үйлердің ауласына су кірген. Көп ұзамай ағын су ауылдық арықтарға бұрылған. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің жедел әрекетімен №49 үйдің жертөлесіне кірген су су сорғымен сыртқа шығарылған.

Осы күні таулы жерде жауған нөсер жауын салдарынан көлбеу су ағып, Алға ауылындағы Алдаберген көшесін басып, бірнеше аулаға кірген. Қазіргі таңда ағын су арық жүйесімен Қалғұты өзеніне құйылуда. Оқиға орнына «Тас Алға» ЖШС мен «Коммуналдық шаруашылық» техникалары жеткізілген.

Осы күні нөсер жауын салдарынан Қарасу ауылының Кемер көшесінен бас жағынан канал арнасынан су тасуы орын алды. 3 үйдің ауласына су барған. Үйлерді су баспаған. Қазір ахуал тұрақты, судан қауіп жоқ.

Аталмыш ауылдарда орын алған жағдайға байланысты аудан әкімі Бегзат Болатбеков шұғыл оқиға орнына жетіп, ахауалмен танысып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, барлығын өз бақылауына алды.

Жалпы аудан бойынша жағдай тұрақты. Адам, мал шығыны жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.