ТАБИҒАТТЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ

0

Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті орман қорын ұлғайту, молайту, аң-құстарын қорғап, құм көшкінін тоқтатып, орман қоры жерлерінде табиғи өрттерді болдырмау үшін барлық іс-шаралар жасау.

Орман және табиғи өрттердің алдын алу үшін жергілікті аудан, ауыл округтері әкімдерімен, өрт сөндіру мамандарының қатысуымен табиғи өрттердің алдын алу, оны болдырмау іс-шаралары туралы семинар және арнайы оқу- тактикалық жаттығулар үнемі өткізіліп отырады. Мемлекеттік орман қоры аумағында жақын отырған елді мекендердегі малшы, қарауылдарға қауіпсіздік, алдын алу жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ескертулер таратылады.
Өкінішке орай, соңғы жылдары құм жиегіне, орман алқабына жақын орналасқан жеке меншік шаруа қожалықтары өрт қауіпсіздігі жұмыстарының алдын алу шараларына немқұрайлы қарағандықтан табиғи өрттердің саны көбейіп тұр. Өрт-тілсіз жау. Ол қашанда жақсылық әкелмейтіні белгілі. Өрт жолында кездескен ағаш, аң-құс табиғаттың небір көз тоймайтын алқаптарын түгелдей жойып, соңы қайғылы оқиғаларға соқтырып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі кезеңінде кепкен шөбі бар жерлерде от жағуға, кез-келген жерге сөндірілмей қалған темекі тұқылдарын, тез жанғыш заттарды тастауға болмайды. Сол себептен табиғи өрттің алдын алып, оған бір кісідей атсалысайық, ағайын! Орман өрттерін байқаған жағдайда тез арада Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 7-11-17, 4-52-66 байланыс телефонына және 101 өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалыңыз.

М.КАРИБАЕВ, Орман өрт сөндіру станциясы басшысының м.а.

Leave A Reply

Your email address will not be published.