Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Ол біздің өмірімізде аса маңызды орынға ие, оның біздің көңіл-күйімізге, денсаулығымызға, атқарып жатқан жұмысымызға әсері зор. Облысымыздың экожүйесіндегі маңызды орындардың бірін орман алқаптары алып жатыр. Орман – бұл маңызды қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен. Облысымыздың орман алқаптары көлемінің жартысынан көбін сексеуіл ормандары алып жатыр.
Жыл сайын Жамбыл облысының аумағында жануарлар әлемін, ағаштарды, бұталар мен сексеуілді жоятын орман мен дала өрттері тіркеліп отырады. Сексеуіл ормандарындағы өрттердің нәтижесінде олардың құм көшкінін ұстау қабілеті төмендейді. Мұндай өрттер үлкен көлемдерге таралып, орман — дала өрттеріне өтеді, сонымен қатар оларды өшіру үшін өртке қарсы қызметі күші мен құралдарының негізгі бөлігі бөлінеді де, нәтижесінде елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді. Осылайша, табиғи өрттер үлкен материалдық шығындарға алып келеді.
Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және облыстағы дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Орман және дала өрттері әртүрлі себептерден орын алады. Мұндай өрттердің 80% тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар ауылшаруашылығы техникасын абайсыз пайдалану себептерінен болады. Табиғи өрттер облысымызда жиі кездесетін келеңсіз метеорологиялық жағдайлардың (жоғары ауа температурасы, ұзақ уақыт жауынның болмауы) нәтижесінде де орын алады. Өрттер көбінесе табиғи нысандардың жағдайын берік бақылау қызметінің жеткіліксіздігі мен тиісті органдарды өрттің жеке ошақтарының пайда болуы туралы уақытылы хабарламауы, сонымен қатар жағдайды объективті бағаламау және т.б. нәтижесінде орын алады. Мұның бәрі өрттердің жеке ошақтарының үлкен апаттық жағдайды тудыратын жаппай өртке ұласуына әкеліп соғады. Облыстағы орман және дала өрттерінен келген материалдық шығын миллиондаған теңгені құрайды.
Елді мекендер мен орман – дала алқаптарын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және табиғи өрттердің алдын алу мен олармен күресу жағдайын тұрақтандыру және жетілдіру мақсатында жыл сайын облыс әкімдігімен барлық деңгейдегі әкімдіктер, облыстық ТЖД, «ӨСжАҚЖҚ» ММ, теміржолдар мен автокөлік жолдарына қызмет көрсететін мекемелер, сонымен қатар ауылшаруашылығы субъектілерімен жүзеге асырылатын табиғи өрттерді болдырмауға бағытталған өртке қарсы және ұйымдастыру іс-шараларының кешенін қарастыратын қаулылар қабылданады. Жыл сайын аталған қаулыларды жүзеге асыру үшін белгілі бір жұмыстар атқарылады. Бұдан басқа, Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс әкімінің Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы дала және орман өрттерінің алдын алу және оларды жедел өшіруге бағытталған өрттердің алдын алу бойынша бірлескен жоспарларды жасау мен жүзеге асыру, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жерлерде бірлескен өрт – тактикалық жаттығуларды жүргізу, ормандар мен жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелердегі ормандағы өртті сөндіру командаларының жауынгерлік дайындығы мен құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін тексеру сияқты басқа да бірлескен іс-шаралардың кешенін жасап, жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман қорларының жерлері мен дала алқаптары құмды және таулы аймақтардың үлкен көлемдерін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдері аталған жерлерден үлкен арақашықтықтарда орналасқанын атап өту керек.
Облыста орын алып отырған дала өрттерімен күресудің ауыр жағдайына байланысты ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы нысандарындағы ерікті өрт сөндіру жасақтарына үлкен үміт артылады, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы қызмет органдары елді мекедер мен мемлекет меншігендегі аса маңызды нысандарды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Бірақ, өртке қарсы жасақтардың жауынгерлік дайындығын тексеру және өткен кезңдегі облыс аумағында болған табиғи өрттерді талдау ауылдық аймақтарда құрылған өртке қарсы жасақтардың ірі табиғи өрттерді өшіруге тек жартылай ғана дайын екендігін, яғни ЕӨСЖ құру және дұрыс қызмет ету механизмі жасалмағанын және олар көбінесе тек қағаз жүзінде құрылғанын көрсетті.
Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады-оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғандарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша біз облысымыздың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.
Табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз.
— ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге рұқсат берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
— желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
— елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.
— ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің аумақтары кемінде ені 3 метр болатын минералдандырылған қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуге тиіс.
— өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз.
— автокөлік жүгізушілері обылыс аумағындағы жолдарда қатынау кезінде көлік ішінде темекі шегіп темекі тұқылын тастау кезінде толық сөнгеніне көз жеткізуге міндетті.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес дисциплинарлық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Орман – бұл көптеген ұрпақтардың меншігіндегі ұлттық қазына, сондықтан біз оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз!
Қордай ауданы ТЖБ аға анықтаушысы азаматтық қорғау лейтенанты Қ.Тастыбаев