ТАЛАБЫ ТАУДАЙ КӘСІПКЕР 🌾
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні – еліміздің аграрлық саласындағы еңбек адамдарының еңбегін ұлықтайтын маңызды мерекелердің бірі. Маусым айының екінші жексенбісінде аталып өтетін бұл күн – ауыл шаруашылығы мамандарының тынымсыз еңбегіне деген зор құрметтің белгісі.
Қордай ауданының мал шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандар өндіріс көлемін ұлғайтып, мал басын арттыру және саланы жаңғырту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Олардың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі – аграрлық саланың дамуының негізі.
Осы орайда Қақпатас ауылының жас кәсіпкері Ерсұлтан Нұрлыбайдың еңбегін ерекше атап өткен жөн. 2020 жылы өз ісін 70 бас асыл тұқымды қоймен бастаған ол бүгінгі таңда «Арашан» қойларының санын 400 басқа жеткізіп, табысты шаруашылық қалыптастырды.
Жас кәсіпкердің айтуынша, басты басымдық – тек сан емес, сапа. Өз егістік алқабы арқылы жем-шөп қорын дайындау, шығынды азайту және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – шаруашылықтың тұрақты дамуының негізгі тетігі.