ТАНК БРИГАДАСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

0

Тренингке жас сарбаздар қатысты. Психологиялық тренингтің мақсаты – жаңа ортаға сәтті бейімделу, жаңа ұжымды біріктіру, қызметтестеріңді жақынырақ тануға мүмкіндік беру және командадағы дағдыларды дамыту.

Тренингтер интерактивті әдістер мен түрлі ойын жаттығуларын қолдану арқылы ойын түрінде өткізілді. Ұйымдастырушылар жылы, сенімді атмосфера құрып, қатысушылар кездесуден жағымды әсер алды.

«Жас сарбаздардың оқу-жаттығуға қатысуы олардың моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға, жаңа ұжымды біріктіруге және командалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Біз жаңадан қабылданғандардың ортаға тез бейімделіп кетуін қамтамасыз етуге тырысамыз және мұндай іс-шаралар шын мәнінде олардың ақыл-ойын күнделікті күйзелістерден арылтып, стрессті жеңілдетуге көмектеседі. Тренингте қолданылған ойын формасы және интерактивті әдістерді сарбаздардың өзара тиімдірек әрекеттесуге және командалық рухты нығайтуға ықпал ететін жағымды әсер қалдырды деп сеніммен айта аламын», -деді 21450 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонының психологы, аға лейтенант Ержан Даутбай.

Жас сарбаздар өткізілген шарадан оң әсер алғандарын айтып, жағымды пікірлерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.