Гвардейск гарнизонында 21450 әскери бөлімі Танкішілер күні мерекесін атап өтті.
1946 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде танкішілер күні мерекеленіп келеді. Биыл Қорғаныс министрінің бұйрығымен осы мерекенің нақты күні – 15-ші қыркүйек болып бекітілді. Бұл күні 1942 жылы Шымкенттік комсомол мүшелері 7-ші және 13-ші жеке танк полктеріне әрбір «Қазақстан комсомолдары» деген жазуы бар 46 Т-34 танкін тапсырды.
Әскери бөлім жеке құрамының басым көпшілігі Мәтібұлақ полигонында жауынгерлік дайындықпен айналысуына байланысты салтанатты шара шатырлы қалашықта ұйымдастырылды сондай-ақ әскери бөлім аумағында да мерекеленді. Шара барысында әскери бөлім командирі полковник Табылды Исалиев құттықтау сөздер айтып, жеке құрамды марапаттады. Сонымен қатар жеке құрам әскери бөлімнің әскер оркестр ұжымы ұйымдастырған концерттік қойылымдарды тамашалады.
Біз бүгін Танкішілер күнін атап өтудеміз. Танкіші болғаныма мақтанамын. Себебі танк Құрлық әскерлерінің басты соққы күші деп есептеймін. Қарулы күштердегі барлық танкішілерді Такішілер күні мерекесімен құттықтаймын, — деді 2-ші танк ротасының танк командирі кіші сержант Жандос Салаватов.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі