ТАНКИСТЕР ШТАТТЫҚ ҚАРУДАН ОҚ АТУДА

0

Гвардейск гарнизонында 21450 әскери бөлімінің танк батальондары танк қару-жарағынан штаттық снарядпен атуды жүргізді.

Танк батальондарының жеке құрамы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Т-72 танк қару-жарағынан 1-ші бақылау ату жаттығуын орындады. Жаттығуды орындау барысында 125мм калибрлі зеңбіректен ұзақтығы 1500 шақырымда орналасқан нөмірі 12-ші танк нысанасын және 7,62мм ПКТ пулемётімен 600 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 9-шы қол танкіге қарсы граната атқыш нысанасы мен нөмірі 900 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 17а автокөлік қозғалысындағы шегінусіз зеңбірек нысаналарын жойды.
Іс-тәжірибелік ату дайындық сабағында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жеке құрам штаттық снарядпен ату алдында теориялық және іс жүзінде білімдерін арттырып, нормативтер мен ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен жаттығу шарттарын меңгеріп, оларға бақылау ату жаттығуын орындауға рұқсат берілді. Олар бақылау ату жаттығуы барысында білімдерін шыңдап, дағдыларын жетілдірді.
Батальон командирлері ату сабағының соңында қорытынды жасап, үздік рота командирін, үздік взвод сержантын және үздік экипаж құрамын мараппаттады.
– 21450 әскери бөлімінің 3-ші танк батальон жеке құрамы Мәтібұлақ полигонында танк Т-72 қару-жарағынан штаттық атысты жүргізуде. Атыс сабақтарының басты мақсаты экипаж жеке құрамының ұжымдастыруы және де танк Т-72 қару-жарағын жетік білуі, алда шыққан нысаналарды жою болып табылады. Экипаж жеке құрамы өздерінің білімдерін іс-жүзінде көрсету және де әскери дағдыларды арттыру болып табылады. Алдағы уақытта оқу-жаттығуларда танк экипаждары жақсы нәтижелер көрсетеді деген ойдамын, – деді взвод командирі лейтенант Бегзат Сағындық.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.