Тараз қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының базасында «АгроХимТех» агрохимия бағытындағы ғылыми-танымдық сессия өтті.

0

Тараз қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының базасында «АгроХимТех» агрохимия бағытындағы ғылыми-танымдық сессия өтті. Бейіндік сессия кадрларды практикаға бағытталған даярлау жүйесін дамыту, сондай-ақ ғылым, жоғары білім және өнеркәсіптік сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Іс-шара білім алушылардың ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық қызметке ерте қызығушылығын қалыптастыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік және химия-технологиялық экономика салалары үшін кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталды. Сессияға еліміздің өңірлерінен 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Конкурстық іріктеу нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 431 қатысушының ішінен Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 50 қатысушы іріктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.