Тараз қаласында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған ерекше шара – «Жас сақшы» полиция сыныптарының қалалық слеті алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Ауқымды іс-шараға қаладағы 15 мектептен 300-ден астам оқушы қатысып, өзара білім, тәртіп және шеберлік бойынша бақ сынасты.

Слеттің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ полиция қызметінің маңызын түсіндіру.

Ашылу салтанатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Ол қатысушыларды тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әрі елін сүйетін азамат болып өсуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.