Тараз қаласында велоспорттан республикалық ашық турнирдің жалауы көтерілді. Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауға кірісті

0

Тараз қаласында велоспорттан республикалық ашық турнирдің жалауы көтерілді. Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауға кірісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Биылғы додаға түрлі жас санатындағы спортшылар қатысып отыр. Жарыс бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар шеберлік деңгейіне қарай сынға түсуде. Турнирдің басты мақсаты – велоспортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.