Тараз қаласында велоспорттан республикалық ашық турнирдің жалауы көтерілді. Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауға кірісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Биылғы додаға түрлі жас санатындағы спортшылар қатысып отыр. Жарыс бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар шеберлік деңгейіне қарай сынға түсуде. Турнирдің басты мақсаты – велоспортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайту.