Тараз қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан қайта қабылдануда

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша  филиалы Тараз қаласы, Төле би көшесі, 198а мекенжайында орналасқан №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында практикалық емтихан қабылдау қайта басталғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта жүйедегі техникалық ақау толықтай жойылып, автодром штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандарға жазылу «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.