Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Шөлдала тұрғын алабындағы Қарасу каналы арқылы өтетін көпір мәселесіне байланысты нысан басына барып, жағдаймен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Шөлдала тұрғын алабындағы Қарасу каналы арқылы өтетін көпір мәселесіне байланысты нысан басына барып, жағдаймен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Шаһар басшысы «Қазсушар» мекемесінің өкілдерімен бірге аумақтағы ахуалды зерделеп, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдерді талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Шөлдала тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы балалардың мектепке баратын жолы канал үстіндегі бұғат арқылы өтетінін айтып, мәселе көтерген болатын. Сонымен қатар тұрғындар қосымша салынған көпірдің негізгі бағыттан алшақ орналасуына байланысты күнделікті қатынауда қолайсыздық туындап отырғанын жеткізген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.