«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық Қан орталығымен бірлесіп «Донор күні» акциясын ұйымдастырды.
Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері өз үлгісінде медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ кез-келген адам донор бола алатынын көрсетті.
– Бұл мүлдем ауыртпалықсыз процедура, берілген қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Біздің ұжым мезгіл-мезгілмен қан тапсырып тұрады, олар бұл шараны жақынына деген жанашырлық сезімімен бекітілген азаматтық парыз деп біледі. Бүгін біз бәріміз біртұтас организм ретінде оңтүстік өңірдегі пациенттердің сауығып кетуіне мүмкіндік беру үшін қан орталығына келдік, – деп өз әсерімен «Тараз» ӘКК» АҚ төрағасы Дәулет Әбілқайыров бөлісті.
Дәрігерлер адамдарға қан алудан қорқудың қажеті жоқ деп сендіреді. Донор болу – ерлік.
– Біз ӘКК ұжымының бірлескен акцияны ұйымдастыруға ниет білдіргені туралы жаңалықты қуана қабылдадық. Осылайша, олар барлық азаматтарға, әсіресе жас ұрпаққа үлгі бола отырып, өздерінің жоғары азаматтық белсенділігін көрсетеді. Бұл қазіргі заманауи әлемде өте маңызды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер саны күннен-күнге артып келеді. Біздің орталықтың есіктері әрқашан ашық. Келгендерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз, – деді ЖОҚО директорының экономикалық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Перизат Жаманқұлова.
Тәулік бойы адамдар қан тапсыру орталығына келе алады, онда оларды жоғары білікті мамандар күтеді.
– Мен мұнда бірінші рет келдім, бірақ донор болуды көптен армандадым. Болашақта мен бұл шараны тұрақты әдетіме айналдырғым келеді. Өзімді керемет сезінудемін, менде ешқандай шағым жоқ. Керісінше, мен донация процесінен үлкен әсер алдым: дәрігерлер сауатты, олар қамқорлық көрсетеді, жабдықтар мен бөлмелер туралы айтар болсам – барлығы стерильді, жаңа. Қан тапсырғаннан кейін мені жағымды эмоциялар басып кетеді. Мен адамдарға көмектесуге осындай мүмкіндігім барына қуаныштымын! – дейді Проблемалық активтермен жұмыс жөніндегі сектор маманы Айнұр Бекбауова.
Барлық тексеруден өткен қан Жамбыл облыстық қан орталығының қан компоненттерінің қорын толықтырады.
Кирилл БЕРДЕЦКИЙ,
«Тараз ӘКК» АҚ баспасөз қызметі