ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ

0

Сот төрелігіне жүгінетін тараптар өзара келісімге келіп, босағадан өкпе-назсыз аттаса, ол судья үшін үлкен мәртебе. Жаңа ӘРПК-нің 120-121-баптары бейбіт келісімге шақыруға арналуының өзі оған көп мән берілгенін аңғартады.

Заңнама татуласу рәсімдерінің төрт түрін қарастырады: сотта татуласу келісімін жасау, медиация немесе соттық медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келу, сондай-ақ екі тараптардың адвокаттарының қатысуымен дауды партисипативтік рәсімдер арқылы реттеу.

Бұған дейін тараптар арасындағы дауды бітімгершілік келісіммен бітіру тек медиаторлардың құзырында болып келгені белгілі.Ал енді екі жақты келісімге келтірудің көкжиегі кеңейтіліп, енді бұл істі атқаруды татуластырушы-судьяға да, адвокаттарға да жүктеліп отыр.

Татуластыру рәсімдерін жүзеге асыруда судьяның нақты міндеттері де заңнамамен нақтыланды. Дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуді азаматтық сот ісін жүргізудің бірден бір міндеті ретінде бекіте отырып, судьяға талап арызды күннен бастап тараптарды татуластыру үшін тиісті шараларды қолданып, істі қараудың барлық сатыларында талапты түсіндіру жүктеліп отыр. Дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу азаматтық іс жүргізудің субъектілеріне тиімді және оң тұстары жетіп артылады. Біріншіден, дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпалды, екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындап жатады, ал сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі аталған рәсімдерді жасауға ықпал етіп, дауласушы тарапты ымыраға келтіреді. Бұл ретте айта кетерлігі татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылады. Тағы бір тиімділігі, сотпен бекітілген қандай да бір келісім ерікті түрде орындамаған жағдайда. Тараптар атқару парағы арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы мәселені көтеруге құқығы бар.

Б.САЙПЫШЕВА, Қордай аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.