Құрметті жерлестер!
Баршаңызды осынау Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, жақындарыңыз бен бала-шағаларыңызға амандық тілеймін!
Рождество – тек проваславтық христиандардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың мейрамы. Ол – мейірімді, бейбітшілікті, достықты, жаңаруды бейнелейтін мереке. Аталмыш құндылықтар барлық ұлттар мен ұлыстарға, халықтарға ортақ.
Рождество – ең алдымен қайырымдылық мерекесі. Аталмыш мейрам баршамызды кешірімді болуға шақырады. Құт қонған қасиетті Қордай жерінде жерлестеріміз бір шаңырақ астында, ауызбіршілікте, келісімде өмір сүріп келеді. Соның айқын айғағы іспеттес, әрдайым Құрбан айтты, Рождествоны, өзге де мейрамдарды бірге мерекелейміз. Біздің әрқайсымыздың парызымыз – рухани келісімді нығайтуға қолдан келгенше үлес қосу.
Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде үміт пен үйлесім ұялап жатыр.
Құрметті қордайлықтар!
Елімізде православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді. Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді.
Рождество мерекесін-де баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!
Бегзат БОЛАТБЕКОВ, Қордай ауданының әкімі