ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

0

Дүйсенбі күні Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен аудан жастарының кездесуі өткізіліп, түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылды.

Республикадан келген қонақтар ең алдымен Масаншы ауылына ат басын тіреп, «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші маңына тал екті. Экологиялық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, «Қазақстан ұйғыр жастарының одағы» РҚБ төрағасы Рустам Қайрыев, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығының» төрағасы Зайнуддин Махусеев және белгілі тележүргізуші, «Қазақша speaking club» клубының негізін қалаушы Ольга Спирина, сондай-ақ, ауыл тұрғындары қатысты.
Қордай ауданы облыстағы түрлі ұлт өкілдері ең көп шоғырланған өңір екені мәлім. Сондықтан, аудан халқының бірлігін бекемдей түсу, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау биліктің назарынан шет қалған емес. Этномәдени бірлестік өкілдері, түрлі ұлт пен ұлыстан құралған жастар контингентінің қатысуымен ұйымдастырылған бұл шара да осының айғағы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.