«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті.

0

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Ізгі бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» жарияланып, оның аясында «Халықаралық балалар кітабы күні», «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні», «Ұлттық кітап күні» және басқа да бірқатар республикалық акциялар ұйымдастырылды. Бұл бастама өскелең ұрпақты кітап оқуға, қайырымды істерге баулуға, сондай-ақ қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында мектеп аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерде тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.