Таза Қазақстан

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті билік өкілдеріне әрдайым халықты қабылдап-кездесу, проблемаларына құлақ асу, оның шешу жолдарын қарастыру талабын орындау мақсатында аудан әкімі Бегзат Болатбеков кезекті қоғамдық қабылдау жүргізді. Бұл жолғы қабылдауға Қаракемер және Отар ауылдық округінен тұрғындар келді. Қаракемерлік кәсіпкерлер көтерген сұраққа аудан әкімі заң аясында түсініктеме берді. Бұл мәселені бақылауға алу бойынша ауылдық округ әкіміне тапсырма жүктелді. Ал, Отар ауылының тұрғыны тұрғын үй мәселесі бойынша қайырылып, оған да заң аясы және тұрғын үй кезек бойынша берілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, Бегзат Сейсенқұлұлы бірқатар ұсыныстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.