Қордай ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалыққа бағытталған рейдтік жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Қордай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сәтбек Саламатовтың жетекшілігімен бастамашыл топ Қордай ауылындағы көшелер мен қоғамдық орындарды аралап, санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіптің жай-күйіне зер салды.
Әсіресе Елім-ай көшесі бойындағы аллея мен кеден бекеті маңы жіті бақылауға алынып, тазалық жұмыстары қадағаланды. Рейд барысында кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастау, қоғамдық орындарда тәртіп пен мәдениетті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Тазалық – тек билік өкілдерінің емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті!