ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ

0

Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аудан көлемінде санитарлық тазалық, абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Аталған жұмыстарға бақылау жүргізу мақсатында арнайы бастамашыл топ құрылып, күнделікті рейдтік шаралар басталып кетті.

Күні кеше топ мүшелері алғашқы рейд жұмыстарына шығып, аудан орталығындағы қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіптің сақталуын зерделеп шықты. Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы жетекшілік ететін топ Емен саябағында, орталық алаңдағы аллеяда және бірқатар қоғамдық тамақтану орындарында болып, тұрғындар мен кәсіп иелеріне тазалық сақтау, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау және демалу мен қоғамдық орында жүріп-тұру мәдениетін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.