Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы №13-5 шешіміне сәйкес Қордай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілген болатын. Жайлы және жайлы емес үйлерге 1 тұрғынға айына — 165 теңге, көлеміне жылдық тариф 1 м3 — 1941,18 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Қордай ауылдық округінде қоқыс шығару қызметін атқаратын екі мекеме бекітілген, олар “Айсұлтан” ЖК және “Жасыл Қордай” ЖШС. Осыған орай, округіміздегі әрбір аула аталаған мекемелермен келісім-шарт құруға міндеттелген. Сондықтан баршаңызды жыл соңына дейін аталған мекемелермен келісім-шарт жасау қажет екендігін ескертеміз. Байланыс телефондары: «Жасыл Кордай» ЖШС, т.8778-494-2774, «Айсұлтан» ЖК т.8771-633-5241
Ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында Қордай аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе арнайы топ құрылып, әрбір ауланы аралап рейд ұйымдастырылып, келісім-шарт жасалмаған тұлғалармен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынатындығын ескертеміз.