Бұл туралы партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты.
«Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАНАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың Жаңа Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті», — дейді ол.