Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету әсте мүмкін емес. Қазақ өнерінің қайраткері Ш.Аймановтың 110 жылдығы мен ақын, сықақшы Ш.Смаханұлының 100 жылдық мерейтойына орай Қордай аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Театр — өмір айнасы» атты аудандық байқау өтті.
Жыл сайын ұйымдастырылатын шараның мақсаты балалар мен жастарды жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухта тәрбиелеу, сондай-ақ, сахна мәдениеті мен шеберлігін меңгерген дарынды жастарды анықтау.
Байқау нәтижесі бойынша:
1-орын, «Үздік қойылым» номинациясын Береке гуманитарлық колледжі;
2-орын, «Үздік ансамбль» номинациясын Аудандық Мәдениет үйіне қарасты «Көркем сөз» үйірмесі;
«Үздік эпизод» номинациясын Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы;
«Үздік актер» номинациясын Бижанова Айдана иеленді.
Үздік деп танылған қойылымдарға «SOLBIR.pro» фотостудиясынан сертификат табысталды.
Дарын иелерінің қойылымдарын тамашалаған көрермендер рухани демалып, сахна сәнін келтірген қатысушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Жанат АҚЫЛБАЕВА, аудандық Мәдениет үйінің әдіскері