Текті сөздің төресі – терме

0

24 қараша күні Әлжан ана ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балалар жылына» орай ғасырлар бойы мирас болып қалған терме, дастан, жыр өнерін жаңғыртып, кең құлаш жайып, жас ұрпаққа насихаттау, жыршы-термешілердің мәртебесін көтеріп, халыққа таныстыру мақсатында Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Текті сөздің төресі-терме!» атты жыр кеші өтті.
Іс-шарада өнегелі сөздердің тізбегіндей болған, халықтың терме, жыр өнерінің жаңғыруына өзіндік үлес қосып жүрген ауданымыздың 10-75 жас аралығындағы барлығы 14 жыршы-термешілері өнер көрсетті. Атап айтсақ, С.Ниетқабылов, Б.Сатыбалдиева, Қ.Саймаханов, Ы.Бұзаубаева, Т.Отарбаева, Ә.Құдабаев, А.Жолдасбай, Е.Тәжібаев, Б.Қалбай, Т.Жөнербай, Д.Атабай, Т.Құдайбергенов, Ә.Оразбай, А.Боранбай сынды ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген термешілері қатысты.
Қазақ өнерінің құдіретіне бас иіп, жыр кешінің өтуіне атсалысып, демеушілік көрсеткен Әлжан ана ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ермақаш Иманғалиев ақсақалға, ауыл имамы Саламат Сәлімұлына алғысымызды білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.