Соңғы кезде заманауи технологияларды пайдалана отырып, «телефон арқылы алаяқтық» жасау әрекеттері жиілеп кетті.
Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз, деп таныстыратын қаскүнемдер телефон соғып, адамдарды қадағалау органымен тексеру тағайындалады деп алдауда.
Тексеру нәтижесінің оң шешілуі үшін алаяқтар банк шотын ақшалай сыйақымен толықтыруды немесе тексерушілерге сыйлықтар сатып алу үшін төлем жасауды сұрайды.
Тағы бір жағдайда азаматтардың банк шоттарын бұзу немесе атына несие рәсімдеу әрекеті туралы жалған ақпараттандырады.
Ол әрекеттердің алдын алу үшін олар белгілі бір алгоритм ұсынады. Оған сәйкес шот иелерінен арнайы қауіпсіздік кодын айтуды сұрайды.
Сонымен қатар, алаяқтар арнайы құралдардың көмегімен абоненттің ұялы телефонында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің белсенді нөмірлерін шығара алады.
Осылайша, Қордай ауданының прокуратурасы арандатушылыққа бой алдырмауды және дереу тұрғылықты жері бойынша полиция органдарына хабарласуды сұрайды.
Қордай ауданының прокуратурасы