Шоқпар магистральдық желі бөлімшесінің филиалы «Жамбыл жол дистанциясы» мәліметі бойынша кейінгі кездері адам таситын жүйрік пойыздардың ауыл шаруашылығы малдарының шойын жолға шығып кету кесірінен шұғыл (экстренный тормоз) тежегіштерін басқан оқиғалары жиі кездесуде.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы «16» наурыздағы №03-08 шешімімен бекітілген «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау» Қағидаларының жалпы Ережелерінде көрсетілгендей көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Жауапкершілікпен қарап, заңда көрсетілген талаптарды орындау әр Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Сондықтан, осы мәселеге байланысты темір жол аумағында орналасқан ауыл округі әкімдігі жер-жерлерде осындай оқиғаларды болдырмау негізінде үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізіп, келеңсіз оқиғаларды болдырмаудың алдын алу керек.
Ал ауыл тұрғындарына берер кеңесіміз, жеке малдарыңызға жауапкершілікпен қарап, темір жол, автомобиль жолдары аумағына қараусыз жібермеуге, жол қаупсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Қараусыз жатқан малдардың жолға шығып кету кесірінен қаншама бейкүнә жандар жол апатынан қаза болуда. Мал иесінің жауапкершілігі өте жоғары деңгейде болуы керек, өйткені мал иесі толық жауап береді.
Әкімшілік құқық бұзушылық заның 408-баптың. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу — үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ғ.ОСПАНОВ, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы