26 тамыз күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев, бюро мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ — Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау барысында аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы Қордай ауданы әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы С.Әшірбеков баяндама жасады.
Ауданымызда білім беретін 48 мемлекеттік мектепте 30386 оқушы және 13 бастауыш жекеменшік мектепте 1292 оқушы білім алады. Барлығы 31678 оқушы.
Биылғы жаңа 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа 2950 оқушыны қабылдау жоспарлануда. Оның ішінде 2153 оқушы қазақ сыныбына, 797 оқушы орыс сыныбына. Бүгінгі күнге 2905 бала тіркеліп, қабылданды.
Бүгінгі күнде ауданымыздың білім беру ұйымдарында 2930 педагог жұмыс жасайды., — деген баяндамашы жаңа оқу жылына дайындық жайы мен білім беру мекемелеріндегі бірқатар проблемалық мәселелерге де тоқталды. Ең бастысы аудан бойынша мектептер оқушыларды қабылдауға толықтай дайын.
Бюроға шығарылған екінші сұрақ — Қаракемер ауылдық округінің әкімінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес 2022 жылы атқарған жұмысы туралы ауылдық округ әкімі Р.Алыбаев баяндама жасады.
-Қаракемер ауылдық округі бойынша халық саны 4010 адамды құрайды, оның ішінде Қаракемерде – 3867, Керуде -143 адам. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 200, шаруа қожалықтар – 70. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 1724, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 1112, жұмыссыздар – 21, зейнеткерлер саны – 360, — деп ауыл паспортынан бастаған әкім бюджеттін кіріс бөлігі, бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер, ауылдағы юілім саласы мен құрылыс, аулы шарушалығын дамыту және тағы да басқа мәселелер туралы баян етіп, алға қойған жоспарларымен де бөлісті.
Жиын барысында күн тәртібіндегі екі мәселе толығымен қаралып, олар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.