19 тамыз күні Қордай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрдин Садықов, мәслихат депутаттарымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессия барысында 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Сонымен қатар, сессияда бірқатар ведомствоаралық аудандық комиссиялардың жаңа құрамдары бекітіліп, бұрын қабылданған құрамдарға өзгерістер енгізілді.