ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

0

21 шілде күні Қордай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева жүргізді. Жиынға депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.

Күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған Қордай ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева толыққанды баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.