Тиісті шешімдер қабылданды

0

10 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Кыпшақбаева өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі қатысты.

Депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева егжей – тегжейлі баяндама жасады.

Одан бөлек «Аудандықмәслихаттың әлеуметтік қоғамдық дамуы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы»;

«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарт жобасын келісу туралы»;

«Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 5 мамырдағы «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды өнімдерімен шикізаттарды алып қоймай залалсыздандырылған және қайта өндірілетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібін және орташа шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.