ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

22 желтоқсанында аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева өткізді. Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасарлары Бақыт Сахатов, Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қатысты.

Депутаттар аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін қарады, ол бойынша Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева баяндама жасады.

Одан бөлек «аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған перспективтік жұмыс жоспары туралы», аудандық мәслихаттың «экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы, «білім беру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы, сондай ақ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2026-2030 жылдарға арналған Қордай ауданының даму жоспарын бекіту туралы», «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.