«ТІЛ КӨРКЕЙМЕЙ – ЕЛ ӨРКЕНДЕМЕЙДІ»

0

Тіл дегенде таңдайдағы тілек те, соққан жүрек те бөлек. Мемлекеттік тіліміз әрқайсысымыздың ар-абыройымыздың көрсеткіші екені де анық. Кез-келген тілдің болашағы негізгі үш факторға тәуелді. Атап айтсақ, мәдени әлеуеті, қалыптасқан әлеуметтік база және саяси күштердің тіл саясатына араласуы. Қазіргі қазақ тілінің тағдырына осы үш фактор да қатысып отыр. Мәдениеттің бір бөлшегі саналатын жазумен тілдің болашағы сабақтасуда.

Қазіргі таңда ана тіліміз жайында көз майын тауысып, жанарын жасытып қалам шертіп жүргендер асып, таусылады. Себебі, бүгінгі таңда мемлекеттік тіл – елімізде аса өзекті де, маңызды мәселе болып табылады. Тіл – тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа адамның түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді білу мен құрметтеу – бейбітшілік сақтаудың кілті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптей отырып, қолайлы тілдік орта қалыптастыру үшін түрлі клубтар іс-шаралар қолдану керек.

Ақиқатында тілді қасиет деп түсінбейінше, оның алдындағы қызметте айтарлықтай салмақ та болмайтыны мәлім. Өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл мұрамыз, баға жетпес жауһар құндылығымыз – ол ана тіліміз!

Гульфайруз БАБИЖАНОВА, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.