Тілге құрмет – елге құрмет

0

Қордай ауданындағы Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттері мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатысуда. Шәкірттер үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылды.

Бұл курс – қазақ тілін тереңірек үйреніп, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған. 20 тамыздан бастау алған курс шәкірттері қазақ тілінің грамматикасы мен сөздік қорын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар орындауда.

Орталық басшылығының айтуынша, тіл курстары шәкірттер үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Құранды түсіну мен жаттауға негізделген біліммен қатар, шәкірттер ел тарихы, мәдениеті және тілі туралы да терең мағлұмат алады. Бұл олардың жалпы дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына және қоғамдағы белсенді азамат болып шығуына септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.