«AMANAT» партиясы саяси менеджмент Академиясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге өткізетін көшбасшы әйелдерге арналған «Томирис» білім беру бағдарламасына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Оқу бағдарламасы әйелдерге түрлі басшылық қызметтерге сайлануға көмектесетін білім мен білікті дамытуға бағытталған.
Бағдарлама модульдері:
▪️Көшбасшылық
▪️Саясаттағы гендерлік теңдік мәселесі
▪️Қазақстан трансформациясы
▪️Эмоционалды интеллект
▪️Жобаларды басқару
▪️Көпшілік алдында сөйлеу мен келіссөз жүргізу қабілеттері
▪️Өзге де тақырыптар
Бағдарлама барысында Қазақстан мен Германияның белді саясаткерлерімен кездесу жоспарланған.
Оқу соңында қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларын жасап, оны жүзеге асырады.
Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Конрад Аденауэр қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Өтінішті қалай қалдыру керек?
1. Сілтемедегі онлайн-форманы толтырыңыз https://taplink.cc/apm.amanat
2. «Томирис» тақырыбымен құжаттар пакетін info@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберу. Құжаттар пакетіне келесілер кіреді:
а) жеке куәліктің көшірмесі;
b) мотивациялық хат (500 сөзден көп емес);
с) Түйіндеме/CV;
d) Ұсыныс хат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18 шілде – 15 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 18:30-ға дейін.