Трансплантология саласын дамыту

0

Жақында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы мен қалалық көпбейінді аурухананың базасында маңызды семинар өтті.

Жиын Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісім аясында жүзеге асырылып жатқан «Трансплантациялық үйлестіру және донорлық үдерісті ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өтті.

Семинарда клиникалық мамандықтағы дәрігерлерге трансплантология саласының қыр-сыры жан-жақты түсіндіріліп, донорлық үдерістерді тиімді ұйымдастыру қағидалары ұсынылды. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер көтеріліп, алдағы даму перспективалары кеңінен талқыланды.

Жиынға Қазақстанның жетекші мамандары арнайы келіп қатысты. Атап айтқанда, Республикалық транспланттауды үйлестіру және мониторинг орталығының директоры Айдар Ситказинов, медицина ғылымдарының докторы, донорлық органдарды үйлестіру және бөлу бөлімінің жетекшісі Қайрат Иманбаев, республикалық координатор Лейла Исмағамбетова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Оқыту семинары трансплантология саласының дамуына серпін беріп, аймақтағы медициналық қызметкерлердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.