Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы және жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен мамыр айының 3-20 аралығында инстаграмм желісінде «Туған жер» атты бейнебайқау өткізілді.
Аталған конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2022 – 2024 жылдарға арналған өңірлік жоспары бойынша қоғамдық маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың талаптары бойынша әрбір қатысушы өз өңірінің келбетті жерлерінің бірінде 30-60 секундтық бейнеролик түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялауы тиіс болды.
Тартысты челленджге Жамбыл облысына қарасты аудандар қатысып, бақ сынасты. Аталмыш шараның қорытындысы бойынша жерлесіміз, Д.Қонаев атындағы №1 мектеп гимназиясының оқушысы Нұрай Қуандық жеңіске жетіп, 1-дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.
А.КҮЛКІБАЙ, Жастарға қызмет көрсету бөлімінің инспектор-заңгері