ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҰЛДАРЫ

0

МӘДЕНИ МҰРА
БӨЛТІРІК ӘЛМЕНҰЛЫ — ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ШЕШЕНІ, БИІ, БАТЫРЫ
Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек кана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының қалалары мен далаларыңда еңбек етеді.
Толық мәтінін «Қордай шамшырағы» газетінен оқуға болады

Leave A Reply

Your email address will not be published.