Жазғы жүзу маусымының басталуына байланысты кәмелетке толмағандардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қордай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бірлесіп, суға шомылатын орындарда, өзен-көл жағаларында және саябақтарда балалармен және олардың ата-аналарымен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, суға шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізіліп, кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруіне жол бермеу және олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру парақшалары таратылуда.