«ТЫЛДАҒЫ ЕҢБЕК БОЛМАСА…»

0

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын. Расында, Ұлы жеңісті жақындатуға сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл ардагерлерінің қосқан үлесі өлшеусіз. Бүгінде жастары тоқсанға жуықтап, алды жүздің төріне таяп қалған ардагерлердің қатары сиреп барады.

9 мамыр күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков Қордай ауданындағы тыл ардагерлерінің шаңырағына барып, сый-құрмет көрсетті. Алдымен, жасы тоқсаннан асқан қария Нәби Ермекбайдың үйінде болып, мерекемен құттықтады. Нәби ата соғыс кезінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бала болған. Соған қарамастан ауылдағы үлкен кісілермен, әйелдермен бірге қырманда еңбектенді. Сол кездері тартқан тауқыметке олар еш уақытта міндетсінген емес. Саналы ғұмырын бүгінгі буынның болашағына сарп еткен ардагер аудан басшылығына көрсеткен ілтипаты үшін шынайы алғысын білдіріп, елімізде әрдайым бейбітшілік болсын, деген тілегін жеткізді.

Келесі кезекте Бегзат Сейсенқұлұлы тыл ардагері Тұрсын Қалығұловты құттықтады. Бүгінгі бейбіт өмір үшін алғыс айтып, ардагерге мерекеге орай құттықтау  және естелік сыйлық табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.