«УЧАСКЕ» — ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

0

2022 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсан аралығында облыс келемiнде «УЧАСКЕ»- жедел профилактикалық іс-шарасы өткiзiледi. Іс-шараның басты мақсаты: әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы iшкi iстер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау, көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық түрде арттырып, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктер беру керек». Президент учаскелік инспектордың халықпен тығыз кері байланыс орнатуының маңыздылығына назар аударды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша облыс көлемiнде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын профилактикалық жұмыстар оң нәтижесін береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.