Ведомствоаралық комиссиясының отырысы

0

Аудан әкімдігінде Қордай ауданында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаев төрағалық еткен жиынға Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Байболат, комиссия мүшелері мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты. Отырыста Қордай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында 2024 жылдың 05 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар мәселелері қаралды. Шарада күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша Қордай АПБ бастығының орынбасары Рауан Өскенбаев, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ануар Абсеитов және Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Нариман Джандарбековтың есептері тыңдалды. Рауан Кенжеқұлұлының айтуынша жалпы қылмыс пен құқықбұзушылықтар былтырғы жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр, орта дәрежедегі, теріс қылықты қылмыстық істер. Бұған дәлел ретінде нақты цифрлар мен дәйектерді жіпке тізіп, кейбір қылмыс фактілері артқанын жасырмады. Сонымен қатар, полиция қызметшілерінің жетіспеушілігі қаралды. Өз кезегінде А.Абсеитов Қордай ауданы аумағында жергілікті маңыздағы автожолдарды күтіп-ұстау, жолды ағымдағы жөндеу, жол белгілерін сызу және жол белгілерін орнату бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Ал, округ әкімінің орынбасары Нариман Тілеужанұлы аталмыш мәселе бойынша, ауыл көлемінде бірқатар атқарылған шараларға тоқталып өтіп, комиссия мүшелерінің сауалдарына сәйкесінше жауаптарын берді. Комиссия мүшелері барлық мәселелерді саралап, тиісті шешімдер қабылдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.