Волейболдан жарыс өтті

0

Әлжан ана ауылындағы және Бетқайнар ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешендерінде Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, волейболдан жастар және жасөспірімдер арасында турнир өтті. Аталған жарысқа Қордай, Әлжан ана, Жамбыл, Бетқайнар ауылынан жасақталған командалар қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесіне жүлделі орындарға ие болған командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар номинация бойынша үздіктер анықталып, Алғыс хаттар ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.