Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиын партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаевтың төрағалығымен өтіп, оған саяси кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде тек бір ғана мәселе – «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалының XLI кезектен тыс конференциясын шақыру туралы мәселе қаралып, ол бойынша тиісті қаулы қабылданды.
XLI КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ШАҚЫРУ
Prev Post
Next Post