Ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды

0

24 маусым күні Тараз қаласында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Даңқ залының «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі» тақырыбы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының ардагер журналистері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары, Түркістан, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен мүшелері қатысты.

Кездесу Бауыржан Момышұлы ескерткіші алдындағы «Батырлар аллеясына» гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Келесі кезекте кездесуге қатысушылар «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында орналасақан Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін мұрағаттармен танысты.

«Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі» тақырыбындағы жиынды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, кіріспе сөз сөйледі.

Сонымен қатар кездесуде қатысушы Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев, «Әулие ата — медиа» АҚ-ның бас директоры Данияр Асқарұлы, Көсемәлі Сәттібайұлы, Жаңабай Миллионов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Г.Құланбаева, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан Дәуіт, «Меркі ақиқаты» газетінің редакторы Құралбай Серікбай, Түркістан, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары және Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі А.Тағыберген өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында қала, аудандардың бұқаралық ақпарат құралдары мен аумақтық сайлау комиссиялары арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалып редакторлармен аумақтық сайлау комиссиялары төрағалары қол қойды.

Кездесуді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қорытындылап, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.