Ынтымақтастықтың озық үлгісі

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді шын жүректен 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың татулығы мен достығының айқын көрінісі, бейбіт өмір мен келісімнің жарқын мерекесі. Бірліктің арқасында біз көпұлтты елімізде ортақ мақсаттар мен асқақ армандарға ұмтылып, табысқа жетіп келеміз.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық саясаты жаңа деңгейге көтерілді. Президентіміздің бастамасымен бірлігіміз нығайып, еліміз ілгерілеп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұл — әрқайсымыздың бірлікте жасаған еңбегіміздің нәтижесі.

Қордай ауданы әрдайым ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату өмір сүрген, ынтымақтастықтың озық үлгісін көрсеткен өңірі болып келеді. Біздің басты байлығымыз — ортақ мақсат жолындағы бірлігіміз бен өзара құрметіміз.

Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ынтымағымыз бекем, шаңырағымыз берік болсын! Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов

Leave A Reply

Your email address will not be published.